Командасын Еуропа лигасы финалына жеткізген бапкер қазақстандық клубты жаттықтыруы мүмкін

0
780

Клуб қазіргі бапкерімен қош айтыспақ.


Командасын Еуропа лигасы финалына жеткізген бапкер қазақстандық клубты жаттықтыруы мүмкін

ERNUR.KZ. Украиналық бапкер Мирон Маркевич Қазақстан премьер-лигасы көшбасшыларының бірімен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп жазады Vesti.kz.

Жақын арада бұл клубтан бас бапкер қызметінен босатылып, оның орнына украиналық маман шақырлуы мүмкін.

Маркевич 2015 жылы украиналық "Днепр" клубын Еуропа лигасының финалына дейін жеткізгенімен белгілі.
Сонымен бірге, ол "Карпаты", "Металлист" сияқты командаларын баптап, бірнеше рет Украина чемпионатының жүлдегері атанған. Ал 2010 жылы ол Украина құрамасын жаттықтырды.