Көмірдің сапасы мен бағасы қатаң бақыланады

0
2 626

"Көмір сапасы да өте маңызды. Сапасыз көмір экологияға әсер етеді", - деді А.Көлгінов.


Көмірдің сапасы мен бағасы қатаң бақыланады

ERNUR.KZ. Елорда әкімі көшпелі кеңес өткізді. Кеңес барысында тұрғындарды көмірмен уақытылы қамтамасыз ету, нысандарды жылыту және газдандыру мәселелерін талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Әр маусым сайын жағдай қайталануда: кезектің пайда болуы, көмір бағасының көтерілуі, халық көмірмен уақтылы қамтамасыз етілмейді. Бұл мәселені бақылауда ұстау қажет. Жеке секторға көмірді алдын ала жеткізу қажет, бағалар белгіленген деңгейде болуы тиіс. Көмір сапасы да өте маңызды. Сапасыз көмір экологияға әсер етеді. Көмірдің сапасын, жеткізілуін және бағасын аудан әкімдері мен басшылармен бірге бақылауда ұстаулары қажет", – деді А.Көлгінов.

Жыл сайын 500 мың тонна көмір тұтынылады, елордаға 125 мың тонна көмір жеткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл сан 2 есе өсті. Жеке секторға 105 мың тонна тасымалданды. Осылайша, қаланың 11 жерінде көмір сататын 8 компания анықталды, көмірдің барлық түрлерінің бағасы тіркелген (11 мың теңгеден 12 700 теңгеге дейін).

Жылу беру маусымына энергия көздері жабдықтарының жалпы дайындығы 99% құрайды: ЖЭО-1–100%, ЖЭО-2 – 98%, аудандық қазандықтар – 100%. Сонымен қатар денсаулық сақтау нысандары 100% – ға, тұрғын үй қоры мен білім беру нысандары 99%-ға, мәдениет нысандары 93%-ға қамтылған. 1 қазанға дейін жылыту маусымына дайындық 100% құрайды.