Коммуналдық төлем үшін тағы өтемақы беріле ме?

0
874

Халықтың белгілі бір санатына көктемде коммуналдық төлемдер бойынша өтемақы төленген болатын. Әр жеке шотқа 15 мың теңгеден түсті.


Коммуналдық төлем үшін тағы өтемақы беріле ме?

ERNUR.KZ. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев жауап берді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, бұл жергілікті әкімдіктер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, салалық органдар бірлесіп шешетін мәселе.

Естеріңізде болар, халықтың белгілі бір санатына көктемде коммуналдық төлемдер бойынша өтемақы төленген болатын. Әр жеке шотқа 15 мың теңгеден түсті. Бұл мәселе төтеншежағдай енгізілген немесе елдің көп бөлігі карантинге жабылған кезде тағы өзекті болуы мүмкін, - деді ол.

Сондай-ақ, комитет төрағасы Президентінің тапсырмасын орындау барысында, 1 сәуірден бастап төтенше жағдай және карантин кезеңінде еліміз бойынша халық үшін тарифтер орта есеппен 7,4%-ға төмендегенін атап өтті. Нәтижесінде, бір айда халық тобы тұтынушыларының қаражатын жалпы үнемдеу шамамен 1 млрд. теңгені құрады.