Қонаевта оқу-жаттығу өтіп жатыр: полиция тұрғындардан дүрлікпеуді сұрады

0
1 122

Алматы облысының полиция департаменті де тұрғындарды сабырлы болып, түсіністікпен қарауға шақырды.


Қонаевта оқу-жаттығу өтіп жатыр: полиция тұрғындардан дүрлікпеуді сұрады

ERNUR.KZ. 27 мамырда Қонаев қаласында құқық қорғау және атқарушы органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруге, күштер мен құралдардың дайындығын тексеруге бағытталған оқу-жаттығулар өтуде, деп жазады ҚазАқпарат.

«Азаматтардан сабыр сақтап, оқу-жаттығуларға қатысатын құқық қорғау және арнайы органдардың әрекетіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына.

Алматы облысының полиция департаменті де тұрғындарды сабырлы болып, түсіністікпен қарауға шақырды.

25 наурызда Қонаевта күштер мен құралдардың дайындығын тексеруге бағытталған жауынгерлік оқу-жаттығулар өтті.