Қонақүйдегі бала өлімі: күдікті британ азаматы болып шықты

0
969

Жедел жәрдем қызметкерлері баланың клиникалық өлімде болғанын айтты.


Қонақүйдегі бала өлімі: күдікті британ азаматы болып шықты

ERNUR.KZ. Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бір жарым жастағы қызды өлтірді деген күдікке 41 жастағы Ұлыбритания азаматы ілінді, деп жазады Zakon.kz.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-тармағы, 3-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деп күдікке ілінген Баракат Мохамедке қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.

24 қазан күні таңертең бес жұлдызды қонақ үйде әкесі бір жарым жасар қызын өлімші етіп сабаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп, клиникалық өлімді тіркеген. Жан сақтау бөлімінде баланың беті беріп қарап, Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жатқызылды. Бірақ ауруханада қыз көз жұмды.

Бастапқыда ер адам баласын тұншықтырып, өлтірді деген хабар тараған.