Конгода кеме аударылып, 20 адам қаза тапты

0
967

Қазір 30 адам құтқарылып, 20 адам қаза тапты.


Конгода кеме аударылып, 20 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Киву көлінде ағаштан жасалған кеме аударылды. Оның ішінде жүзге жуық адам болған. Қазір 30-дан астам адам құтқарылды, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Синхуа агенттігі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Конго Демократиялық Республикасында болған қайғылы жағдайдан кейін табылмай жатқан бірнеше адам бар.

Оңтүстік Киву провинциясы өкілдерінің айтуынша, ағаш кеме дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні аударылған.

Қазір 30 адам құтқарылып, 20 адам қаза тапты.

Апаттың себептері анықталып жатыр.