Конституциядан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты норма алынып тасталады

0
553

Тұңғыш президенттің жақын туыстарын қылмыстық жауапқа тартуға болмайды деген норма алынып тасталады.


Конституциядан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты норма алынып тасталады

ERNUR.KZ. Конституциялық кеңеске тұңғыш президенттің мәртебесіне қатысты норманы Конституциядан алып тастау туралы қосымша өтініш жолданды. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, тұңғыш президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және Конституцияда жеке бекітуді талап етпейді", - деп жазды Қарин өзінің телеграм-каналында.

Бұған дейін хабарланғандай, 4 мамырда Конституциялық кеңес Ата заңға енгізілетін түзетулер жобасы бойынша оң қорытынды берді.

Қарин бұл ел мен ұлттың болашағы үшін ерекше маңызы бар конституциялық реформаны жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі екенін атап өтті.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты орңтайландыруды, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуді көздейді.
Конституциялық реформа мемлекеттік-саяси модельдің жүйелі трансформациясына бағытталған және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүргізіледі.
Бұған дейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Конституцияға түзетулер қабылданғаннан кейін, тұңғыш президент туралы конституциялық заңның күші жойылатынын мәлімдеген болатын.
Назарбаевтың рөлін Конституцияда мемлекеттің негізін қалаушы ретінде бекіту ұсынылған еді.
"Конституцияда экс-президенттер туралы норма бар. Бұл норма қалады және елдің тұңғыш президентіне қатысты да қолданылады", – деді Қошанов.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы президенттер туралы заң аясында мемлекеттік қамсыздандыру, зейнетақы мен ар-абыройын қорғау құқығын алады.
Ал тұңғыш президенттің жақын туыстарын қылмыстық жауапқа тартуға болмайды деген норма алынып тасталады, деп мәлімдеді Қошанов.