Конституциялық сот дауларды қарамайды – Мусин

0
601

Конституциялық сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді.


Конституциялық сот дауларды қарамайды – Мусин

ERNUR.KZ. Әділет министрі Қанат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңының жобасы туралы айтты, деп жазады baq.kz.

"Конституциялық сот Қазақстанның сот жүйесіне кірмейді. Конституциялық сотты тағы бір жоғары сот инстанциясы деп қарауға болмайды. Себебі Конституциялық соттың құзыреті басқа. Конституциялық сот дауларды қарамайды. Ол тек құқықтық акті немесе заңның Конституцияға сәйкестігін ғана тексереді. Тек сондай шешім шығарады. Сондықтан Конституциялық сотқа Жоғарғы сот немесе басқа соттардың шешімдеріне шағымданып, олардың шешімін бұзу құзыретіне кірмейді", - деді Қанат Мусин.

Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Конституциялық сот азаматтардың өтініші бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайды.

Сондай-ақ Конституциялық сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді.

Конституциялық соттың құзыреті Конституцияның 72-бабымен тікелей реттеледі. Оның құзыретіне сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру кіреді, яғни Конституциялық кеңестің барлық қолданыстағы функциясы Конституциялық сотқа берілді, - деді Мусин.