​Көп балалы аналарды қолдауға арналған 13 әлеуметтік шара

0
1 897

Азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру - елорданың барлық мемлекеттік органдарының міндеті.


​Көп балалы аналарды қолдауға арналған 13 әлеуметтік шара

ERNUR.KZ. Астана әкімі көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету шараларын атап өтті, деп жазады Елорда Инфо.

1. Аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй көмегі орташа есеппен 18%-ға артты. 2 мың отбасы коммуналдық қызметтерін төлеуге көмек алады (34 млн теңге).

2. 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды күтушілер тегін жолақысымен қамтамасыз етіледі (1,3 млрд теңге).

3. Үйде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмек 25 мың теңгеге дейін (6,5 АЕК-тен 10 АЕК) өсті (23 млн теңге).

4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тегін техникалық және кәсіби білім алуға қолдау көрсетіледі (2986 адамға 1,5 млрд. теңге бөлінді).

5. Бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 2 мың тұрғын үй сертифакатын беру үшін 2 млрд теңге қарастырылды.

6. Көп балалы отбасыларының балаларына, оның ішінде мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне тегін жол ақысы беріледі. Бұл көмекті 36 мың адамды алады. Осы қолдауға бюджеттен 208 млн теңге қарастырамыз;

7. 1-11 сыныптарда оқитын көп балалы отбасыларының балалары мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылады. Осы санаттағы 32 мың балаға 971 млн теңге бөлінеді;

8. Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына, жетім балаларға арнайы сауықтыру демалысы ұйымдастырылады (10 мың балаға 500 млн теңге бөлінеді);

9. Осы санаттағы отбасы балалары мектеп формасымен және қажетті оқу құралдарымен тегін қамтамасыз етіледі (32 мың балаға 638 млн теңге бөлінеді);

10. Көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары, сондай-ақ, мүгедек балалар балабақшада тегін баруына қолдау көрсетіледі. Осы арқылы ата-аналардың жұмысқа тұруына, отбасының табысын арттыруына жағдай жасалады. Бюджетте 3,8 мың баланы қамту үшін 513 млн теңге қарастыру көзделген;

11. Көп балалы отбасынан шыққан 180 балаға елордалық жоғары оқу орнында танымал мамандықтар бойынша білім алуға арнайы гранттар беріледі (25 млн теңге, жылына 500 мың теңге);

12. Көп балалы аналарға тіс дәрігерінің қызметі (санация, протездеу) тегін ұсынылатын болады. Бұл көмекпен 10 мың адам қамтылып, 404 млн теңге бөлінеді;

13. Бюджет нақтыланғаннан кейін көп балалы отбасылар қатты отын алу үшін әлеуметтік көмек алушылар санатына қосылады (1000 отбасына 26,3 млн теңге бөлінеді).

«Азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру - елорданың барлық мемлекеттік органдарының міндеті. Сондықтан бізге Астана қаласы әкімдігінің халықты әлеуметтік қолдау шараларын күшейту жөніндегі кешенді жоспарын бірлесіп әзірлеу қажет», - деді Астана әкімі.