Көпбалалы аналардың кредитін кешіру жоспарланып отыр

0
2 489

Сонымен қатар кемінде төрт бала асырап отырған әйелдерді табыс салығынан да босатуды жоспарлап отыр.


Көпбалалы аналардың кредитін кешіру жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан елдегі туу көрсеткішін көтеру аясында көпбалалы отбасыларға жаңа салықтар мен қарыз жеңілдіктерін жария етті, деп жазады tengrinews.

Ел үкіметі 2019 жыл бюджетінің жалпы резервтерінен немесе қосымша табыстарынан жаңа әлеуметтік бағдарламаға қаражат бөлужі жоспарлап отыр. Орбан Еуропада бала туу көрсеткіші төмендеп кеткенін және бұл көрсеткіштің құлдырауы мәселесінің шешу жолын еуропа көші-қоннан іздейтінін атап өтті.

"Ал венгрлер басқаша ойлайды. Бізге цифрдің қажеті жоқ. Бізге венгр балалар қажет", - деп мәлімдеді премьер.

Венгрияда туу туралы көрсеткішін көтеру мақсатында екі баладан көп отбасыларға кеңейтілген кредит бағдарламаларын ұсыну жоспарланып отыр, бұл кредитке жанұялар баспана ала алады, сондай-ақ, оларға автомобиль сатып алуға субсидия берілмек.

Сонымен қатар, бұл елде кемінде төрт бала асырап отырған әйелдерді табыс салығынан босатуды жоспарлап отыр. Премьердің айтуынша, 40-қа дейінгі әйелдер бірінші рет тұрмысқа шығып жатса 36 мың доллар көлемінде субсидияланған кредит беріледі. Ал сол әйел екінші бала босанса, оның үштен бірі, яғни 12 мың доллары кешіріледі екен. Ал үшінші бала босана салысымен кредит толығымен жабылады.