​Көпбалалы отбасыларға арналған пәтер құны қанша болады

0
1 218

28 мың адамға Мемлекет басшысының тапсырмасымен 7 жылдың ішінде 42 мың пәтер салуымыз керек


​Көпбалалы отбасыларға арналған пәтер құны қанша болады

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында көпбалалы отбасыларға арнап салынатын пәтерлердің құны айтылды, деп жазады ҚазАқпарат

«Бүгінде әкімдіктерде 487 мың адам пәтер кезегінде тұр. Оның ішінде 28 мың адамға Мемлекет басшысының тапсырмасымен 7 жылдың ішінде 42 мың пәтер салуымыз керек. Бұл, жылына 6 мың пәтерден салу деген сөз. Оған жылына 50 млрд теңге қаражат бөлінеді. 60 шаршы метрді құрайтын пәтердің болжамды бағасы 8 млн 400 теңгені құрайды. 1 шаршы метрі 140 мың теңгеден есептелінеді. Егер одан жоғары болса, жергілікті бюджеттен өтеледі», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Оның атап өтуінше, бүгінде әкімдікте пәтер кезегінде көпбалалы аналарлармен қатар мүгедектер, мемлекеттік қызметшілер де тұр.