​Көпірден секірмек болған қария құтқарылды

0
895

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері істің мән-жайы анықтауда.


​Көпірден секірмек болған қария құтқарылды

ERNUR.KZ. Өскемендік тұрғындар егде жастағы адамды көпірден секірмек болған кезде құтқарып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Үлбі көпірінен суға секірмек болып тұрған адамды әуелі Ольга Кретова есімді әйел байқапты. Ол бейтаныс адамның ту сыртынан білдірмей жақындап, тас қып құшақтайды. Осы кезде көпірден өтіп бара жатқан жас жігіт көмекке келіп, 102 нөмірі арқылы полиция шақыртқан.

«Біздің орнымызда кім болса да осылай жасаушы еді. Адамның өмірінен қымбат ештеңе жоқ қой» - дейді Ольга Кретова.

Қала тұрғынының әрекетін Өскемен қаласының полиция басқармасының басшылығы жоғары бағалап, алғыс хатпен бірге сыйлық табыс еткен. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері істің мән-жайы анықтауда.