Қордай - Алматы тасжолында жол апатынан 4 адам қаза тапты

0
866

Оқиға салдарынан жеңіл көлік салонында болған төрт жолаушы қаза тапты.


Қордай - Алматы тасжолында жол апатынан 4 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. 21 шілдеде, жексенбіде таңғы 6:00 шамасында Жамбыл облысы Қордай ауданында Соғанды ауылынан 10 шақырым жерде жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Алдын ала нұсқа бойынша, "Мерседес Бенц Е200" маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлік тізгінінде ұйықтап кетіп, сол бағытта кетіп бара жатқан "Мерседес Бенц 814" маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан.

Оқиға салдарынан жеңіл көлік салонында болған төрт жолаушы қаза тапты. Жүргізуші көптеген жарақатымен Қордай аудандық ауруханасына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу шарасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр.