Қордай трагедиясынан соң іс-түссіз жоғалған азамат әлі табылған жоқ

0
913

Мұрат Масанов он бір күннен бері іздестіріліп жатыр.


Қордай трагедиясынан соң іс-түссіз жоғалған азамат әлі табылған жоқ

Қордайда жаппай төбелес басталып жатқанда көлік алып, нағашыларынан сүйінші сұраймын деп із-түссіз жоғалып кеткен Мұрат Масанов әлі табылған жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ Информбюроға сілтеме жасап.

Он бір күннен бері жиырма жастағы азаматты туған-туыстары мен достары, полиция іздестіріп жатыр. Әзірге ешқандай нақты ақпарат жоқ.

Мырзахан Масановтың айтуынша, Қордайда қайғылы оқиға болған күні қуанышы қойнына сыймаған баласы ағаларына барып келемін деп сұранған. Дәл сол уақытта әлеуметтік желіде қақтығыс туралы ақпарат тарап жатқанын естіген әкесі кейін барасың деп тоқтатып қойған. Арада біршама уақыт өткен соң ұлының үйде жоқ екенін байқаған. Жалғызынан хат-хабар ала алмай отырған әке, күн өткен сайын күдік күшейіп, уайым еселеніп жатыр дейді.

Мырзахан мардымды жауап бере алмай отырған құзырлы органдарды да жазғырады. Ал күні кеше мамандар Мырзахан Масановты отқа отырған сауда орталығында табылған мәйітті көруге жүрегім дауаламады дейді ол. Мамандар сараптама жүргізу үшін Мұраттың әкесінен қан алған. Нәтижесінде бір айдың ішінде дайын болады.

"Іздеп таппай жатыр. Адамдар бар дейді қамалып жатқан. Тауып берсе екен деп отырмын. Соны күтіп отырмын", - дейді көзіне жас алған Мұраттың әкесі.