Қордайдағы қақтығыс: қаза болғандардың саны артты

0
1 340

Өңірде төтенше жағдай режимі енгізілді. Бірнеше адам ауруханада жатыр, кейбіреуінің жағдайы ауыр екені хабарланды.


ERNUR.KZ. Жамбыл ауданы Қордай ауданындағы оқиға салдарынан қаза болғандардың саны 11-ге жетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Барлығы 11 адам көз жұмды, екеуі бүгін түнде ауруханада қайтыс болды, біреуінің кім екені анықталған жоқ", - деді Сортөбедегі штаб өкілдері.
Бұдан соң астанада өткен баспасөз мәслихатында ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайда болған тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандардың саны 10 адам екенін нақтылады.