Қорғануға арналған қарулардың сатылу тәртібі өзгертілді

0
730

Енді оларды алуға бірқатар анықтама талап етілетін болады.


Қорғануға арналған қарулардың сатылу тәртібі өзгертілді

ERNUR.KZ. Елімізде қорғануға арналған газ баллондарын, пневматикалық және сигналдық қаруды сатып алу ережелері өзгерді. Енді оларды алуға бірқатар анықтама талап етілетін болады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл жайында әкімшілік полиция комитетінің төрағасы хабарлады.

Мақсат Байболовтың айтуынша, сатып алушы енді кәмелет жасқа толғанын растама беруі қажет. Сондай-ақ, қару-жарақ дүкенінде сотталмағаны және медициналық қарама-қайшылықтың жоқтығы туралы анықтама көрсетілуге тиіс. Тұтынушы қаруды қолданудың қауіпсіздік ережелерін білетінін де дәлелдеуі керек.

Комитет төрағасы қазіргі кезде осындай қару-жарақты қолданумен тіркелген қылмыстар көбейгенін айтты.