Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды

0
569

Бақыт Құрманбаев бұл қызметке 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.


Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев қайтыс болды. Бұл мәліметті министрліктегілер растады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Өлімнің себебі нақты айтылмады. Ведомство өкілдері кейінірек мәлімет беруге уәде берді.

Бақыт Құрманбаев бұл қызметке 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.

Бақыт Құрманбаев 1970 жылы 21 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін бітірген. 2005 жылы РФ Құрлық әскерлерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясында білім алды. 2008 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясының жоғары академиялық курстарынан өтті.

Әр жылдары физика пәнінің мұғалімі, Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитеті департаментінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған, генерал-майор.