Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

0
1 511

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар шет елдегі елшілері де тағайындалды.


Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірқатар ауыз-түйістер орын алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады baq.kz.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Тимур Тұрарұлы Дәндібаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар шет елдегі елшілері тағайындалды.

"Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Нажмедин Мұхаметәлі Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Ақордада.

Сондай-ақ, қызметінен босатылған елшілер де бар.

"Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Ержан Серікұлы Мұқаш Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген таратылған хабарламада.