Қорғаныс министрлігі кеңінен тараған Арыстағы оқ-дәрі сынықтарының видеосына түсінік берді

0
837

1 шілдеде әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде Арыс қаласында тазарту барысында жиналған оқ-дәрі бөлшектері бойынша видео таралды.


Қорғаныс министрлігі кеңінен тараған Арыстағы оқ-дәрі сынықтарының видеосына түсінік берді

ERNUR.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы оқ-дәрі сынықтары бойынша әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға қатысты түсінік берді, деп жазады baq.kz.

«1 шілдеде әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде Арыс қаласында тазарту барысында жиналған оқ-дәрі бөлшектері бойынша видео таралды. Аталған фрагменттер жарылыс қаупі жоқ және арнайы күзетілетін аумақта орналасқан. Бұл жер осыған дейін әскери өнімдер фрагменттерін утилизациялау үшін пайдаланылып келді. Сондықтан утилизациялау бекетіндегі оқ-дәрі сынықтары қауіп тудырмайды», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қорғаныс министрлгі қызметтік тергеу басталғанын хабарлады.

«Видео түсірілімі режімдік нысанда жүргізілген және қауіпсіздік режімін қамтамасыз ету саласындағы құжаттың талаптары бұзылған. Осыны ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеруді бастады», - деді ведомстводан