​Қорғас өзенінде сел ұстайтын бөгеттің құрылысын бастады

0
1 401

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы Алматы облысына жұмыс сапары барысында 2013-2020 жылдар ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының «Қорғас» ШЫХО селден қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруды тапсырған еді.


​Қорғас өзенінде сел ұстайтын бөгеттің құрылысын бастады

ERNUR.KZ. Алматы облысының Қорғас өзенінде «Шұқырбұлақ» сел ұстайтын бөгетінің құрылысы басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан-Қытай елдерінің бірлескен халықаралық жобасы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (ШЫХО) объектілерін, қолда бар инфрақұрылымды және жақын маңдағы елді мекендерді сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған.

Шараға Қазақстан Республикасынан Ішкі істер, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Алматы облысы әкімдігінің, «Қазселденқорғау» ММ, «Казгидро» ЖШС, «Базис констракшн» ЖШС, Қытай Халық Республикасынан Су шаруашылығы, Сыртқы істер, Экологиялық орта министрліктерінің, Реформалар және даму ұлттық комитеттің, Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының басшылығы мен өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы Алматы облысына жұмыс сапары барысында 2013-2020 жылдар ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының «Қорғас» ШЫХО селден қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруды тапсырды.