«Қорғас» ШЫХО аумағындағы алаяқтық

0
1 087

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар қызметі «Базис Алатау» ЖШС басшылары Б.Баймуханов, Г.Набиеваларға және басқаларға ҚХР-ның үш азаматы Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джуньдарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.


«Қорғас» ШЫХО аумағындағы алаяқтық

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар қызметі «Базис Алатау» ЖШС басшылары Б.Баймуханов, Г.Набиеваларға және басқаларға ҚХР-ның үш азаматы Хэ Хан Вей, Линь Нуцзы және Ван Джуньдарға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде,- деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына сәйкес Б.Баймуханов пен Г.Набиева «Қорғас» ШЫХО аумағында инвестициялық объектілердің құрылысын жүргізу және жер учаскелерін жалға алу туралы шарттарды жасауға, сонымен қатар ойын бизнесін жүргізуге рұқсат алып беруге көмек көрсетеміз дегенді желеу етіп, аталған ҚХР азаматтарының сеніміне қиянат жасап, алдау арқылы олардың 1 млрд. теңге көлемінде қаражаттарын иемденген.

Күдіктілер Б.Баймуханов пен Г.Набиева 2018 жылғы 20 ақпанда ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Олардың екеуіне де аса ірі көлемде және адамдардың тобымен жасалған алаяқтық пен ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырғандары үшін деген күдік тағылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.