«Коронавирус 2022 жылы тоқтайды!»: Нумерологтар болжамы

0
1 941

Сандардың көріпкелінің пайымынша, Қазақстанның жағдайы Тәуелсіздіктің 30 жылдығынан соң жақсара бастайды.


«Коронавирус 2022 жылы тоқтайды!»: Нумерологтар болжамы

иллюстрациялық фото

Әлемді шаршатқан пандемия нақты қашан тоқтайды? Нумерологтар аурудың беті 2022 жылы ғана қайтып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы түзеледі деген пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Коронавирус 2022 жылы тоқтайды!». Мұндай болжамды нумерологтар айтуда. Олардың есеп-қисабына сенсек, әлемді тығырыққа тіреген жұқпалы індеттен келесі жылы қош айтысамыз!

"2022 жылы біздің сандар бойынша ешқандай қауіп -қатер жоқ. Анализ жасап, ковидтен аман есен шығамыз деп ойлаймын", - дейді нумеролог Құралай Бақытқызы.
Сандардың көріпкелінің пайымынша, Қазақстанның жағдайы Тәуелсіздіктің 30 жылдығынан соң жақсара бастайды. Біздің ел үшін 2022 сәтті болмақ.
"Желтоқсан айында Қазақстанға 30 жас болады. Ал бізде 29 жаста 13 жаста түсті, 30 ж асса біраз нығайтып, шығады деп ойлаймын. 2022 жыл жаман емес", - дейді Құралай Бақытқызы.
Ал мамандар «коронавирус бітпейді, тек онымен өмір сүріп үйренеміз» деген пікірде.
"Алдағы уақытта прогнозға қарағанда бұл ковидтен қауіп бар, білдік үйрендік! Тек осымен өмір сүріп үйренуіміз керек. Яғни, вакцинированный болу керек, ауырғаннан кейінгі антиденесі болуы шарт", - дейді дәрігер-иммунолог Әкім Тұрсын.
Ал, Денсаулық сақтау министрлігі қандай болжам жасауда?

«Ноябрьдің аяғына дейін жоспарларды қарап отырмыз, соларға сәйкес жағдай тұрақты болады деген сенімдеміз", - дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов.

Қысқасы, пандемияның нақты қашан тоқтайтыны белгісіз. Десе де шетелдік вирусологтар ковидпен әлі бір жылдай күресеміз, өйткені әлі әлемде оған қарсы тұратын имунитет қалыптаспаған, дейді .