Коронавирус: Алматы қаласында 2 адам емделіп шықты

0
699

Соңғы мәлімет бойынша елімізде қауіпті індет жұқтырған 584 жағдай тіркелген.


Коронавирус: Алматы қаласында 2 адам емделіп шықты

Алматы қаласында 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 44-ке жетті. Ал соңғы мәлімет бойынша елімізде 584 жағдай тіркелген.

Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың 116 оқиғасы тіркелді. Ауруға шалдыққандармен байланыста болған алты адамнан вирус анықталған.

Қазіргі кезде қаланың инфекциялық стационарларында COVID-19 диагнозы қойылған 96 пациент жатыр, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны.

79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ересек екі адамның жағдайы өте ауыр, тағы екеуінің жағдайы ауыр, 13 адам – орташа ауыр халде жатыр.

Бүгін коронавирус дертінен айыққан тағы екі пациент үйлеріне жіберілді. Бұл 1997 және 1998 жылғы екі бойжеткен. Олардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі вирус анықталған адаммен байланыста болған.

Бүгінде Алматыда 21 адам ауруханадан шығарылды, соның ішінде екі бала бар. Олардың барлығы 14 күндік үй жағдайындағы карантинде жатыр.