Коронавирус: Алматыда ауыр халдегі науқастардың саны артты

0
629

8-14 маусым аралығында симптомдармен 219, симптомсыз 616 жағдай тіркелген.


Коронавирус: Алматыда ауыр халдегі науқастардың саны артты

ERNUR.KZ. Алматыда жағдайы ауырлаған науқастар саны артты. Соңғы апталарда олардың саны 36-дан 62 адамға дейін өсті, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 15 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда симптомдармен 3013, ауру белгісі жоқ 813 жағдай тіркелген. 2020 жылғы 8-14 маусым аралығында симптомдармен 219, симптомсыз 616 жағдай тіркеліпті.

Бір аптада 150 науқас емделіп шықты, жалпы жазылғандардың саны 2056 адам. Егер ауырған адамдардың жас шамасына қарайтын болсақ негізінен жастар арасында басым. Мысалы, 20-29 жас санатының үлесі – 38%, 30-39 жас -18,9%, 60 жастан жоғарылардың үлесі 8,1%, - деді ол.
Сонымен қатар, ол вирус жұқтырғандардың көбі науқастармен байланыста болғандар екенін айтты. Профилактикалық тексеріс кезінде анықталғандар - 56,7%. Сондай-ақ, тәуекел топтағыларды тексеру кезінде анықталғандар - 33,9%, өз бетінше тексерілгендер – 9,4%.

Жұқпалы ауру стационарында 1226 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 57 бала бар. Барлық емдеуге жатқызылғандар арасында 5 адамның жай-күйі өте ауыр. 36 адамда ауыр, 575 адамда ауырлықтың орташа дәрежесінде, 584 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ауру белгісі жоқ 55 адам бар, - деді Надыров.