Коронавирус: Атырау облысы қайтадан "қызыл" аймаққа кірді

1
2 178

8 қаңтарда бірде-бір облыс "қызыл" аймақта болмаған еді.


Коронавирус: Атырау облысы қайтадан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 9 қаңтарда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Атырау облысы қайтадан «қызы аймаққа» енді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетерлігі, 8 қаңтарда бірде-бір облыс "қызыл" аймақта болмаған еді.

Ал бүгінгі матрицада Атырау облысының "қызыл" аймаққа қайта кіргені белгілі болды. Атырау өңірі бұған дейін де бірнеше рет «қызыл» аймаққа енген болатын.
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары тұр.
Өзге өңірлердің барлығы – "жасыл" аймақта.

Жалпы коронавирус бойынша Қазақстан қазірше "жасыл" аймақта тұр.