Коронавирус: Қазақстанда өткен тәулікте үш адам көз жұмды

0
482

Ковидтік пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.


Коронавирус: Қазақстанда өткен тәулікте үш адам көз жұмды

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 індетінен үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бір тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды, пневмониядан қайтыс болғандар жоқ.

71 пациент вирус жұқтырды, 193 адам пневмонияға шалдықты.

Жалпы пандемия басталғалы бері республикада 108 177 адамда коронавирус диагнозы расталды, 1743 науқас қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бері пневмониямен ауырғандар саны 33 571 пациентке жетті, 358 адам көз жұмды.

Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирус инфекциясынан 3 229 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 74 бала бар. Стационарларда 1 774 науқас жатыр. 1 455 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Дәрігерлердің айтуынша, 85 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 13-і хәл үстінде жатыр. 21 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.