Коронавирус: қазақстандықтар екі түрлі жәрдемақы алады

0
1 374

Бұл төлемдер "Әлеуметтік сақтандыру" мемлекеттік қорынан төленеді.


Коронавирус: қазақстандықтар екі түрлі жәрдемақы алады

ERNUR.KZ. Елімізде төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына кеткендер 42 000 теңге және жұмыссыз қалған тұлғалар айлығының 40 пайызын алады. Соңғы төлем 1-6 ай аралығында жүргізіледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада өткен брифинг барысында айтты, деп жазады тengrinews.kz.

"Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы шығады. Сол жерде төтенше жағдайлар кезінде әлеуметтік төлемдердің берілу ережесі көрсетіледі. Қайталап айтамыз, бұл төлемдер "Әлеуметтік сақтандыру" мемлекеттік қорынан төленеді. Төлем екі түрлі болады. Бірінші, төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға, оның көлемі айына - 42 000 теңге. Бұл ұсақ шағын және орта бизнестің қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға 3 рет жасалған болуы қажет. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық және қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жүреді. Екінші түрі - жұмыстан шығып қалғандарға қатысты. Олар төлемдерді 1 айдан 6 айға дейін алады. Төлемдердің көлемі айлықтың 40 пайызына тең", - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өтінім берудің еш қиындығы жоқ.

"Жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет. Арызды онлайн беруге болады. Осындай төлемдермен біз 1,5 миллион адамды қамтамасыз етеміз, - деп түсіндірді Дәурен Абаев төлемдер туралы.