Коронавирус: Қостанайда көз жұмған адам өздігімен үйде емделген

0
567

14 сәуірде сағат 18.00 шамасында науқастың жағдайы күрт нашарлап, қызуы 39 градустан асып кетті.


Коронавирус: Қостанайда көз жұмған адам өздігімен үйде емделген

ERNUR.KZ. Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник өңірде коронавирус індетінен көз жұмған пациентке қатысты мән-жайды баян етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ол Жітіқара қаласының тұрғыны. Нақтырақ айтқанда 1945 жылы туған ер адам және 1955 жылғы әйел 12 сәуір күні жедел жердем көлігімен дене қызуымен, әлсіздікпен Жітіқарадағы ауруханаға жеткізілген. Ауруханаға келген кездегі жағдайы орташа еді. Пациенттің айтуынша аурудың алғашқы белгілері 5 сәуірде байқалған. Алайда пациент медициналық ұйымға жүгінбей, өздігімен емделе берген», - деді Вячеслав Дудник «Хабар 24» арнасынан берілген онлайн режимдегі баспасөз мәсихатында.

Басқарма басшысы пациенттердің екеуі де басқа адамдармен байланыста болғанын, Жітіқара қаласынан сыртқа шыққанын жасырған.

«Зерттеулерден кейін екеуінен де коронавирус инфекциясы анықталды. 14 сәуірде сағат 18.00 шамасында 1945 жылғы ер адамның жағдайы күрт нашарлап, оның қызуы 39 градустан асып кетті. Бүгін таңертең инкубация жүргізіліп, ол өкпенің жасанды желдеткішіне қосылды. Ол жансақтау бөлімінде жатты. Бірақ таңертеңгі 08.30 кезінде пациент көз жұмды. Онымен байланыста болған адамдар анықталуда. Екінші пациент Жітіқарадағы инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдай орташа деңгейде», - деді ол.

Айта кетсек өкінішке қарай бүгін Қостанай облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1945 жылы дүниеге келген. Қазақстанда коронавирустан барлығы 15 адам қайтыс болды.