Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам көз жұмды

0
256

Індет жұқтырған 458 адамның жағдайы ауыр.


Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам көз жұмды

Елімізде тағы 13 науқас коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

27 маусымдағы мәлімет бойынша, 23 552 адам коронавирус инфекциясынан (22 212 КВИ+ және 1 340 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
6 015 пациент стационарда,
16 537 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
458 адамның жағдайы ауыр,
107 пациенттің жағдайы өте ауыр,
68 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.