Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам қайтыс болды

0
595

Алты адам пневмониядан көз жұмды.


Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавивирустан 15, ал пневмониядан 6 адам қайтыс болғаны нақтыланыпты. Соңғы алты адам этиологиясы нақтыланбаған пневмониядан қайтыс болған, олардың ПТР тестілеуі теріс, алайда коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері бар. 1 тамыздан бері мұндай жағдай коронавирустың бір түрі болып есептеле бастады.

Өткен тәулікте осындай пневмония 787 адамнан анықталған.