"Коронавирус шаш арқылы жұғады": Санитар дәрігер WhatsApp-та тараған хабарламаға пікір білдірді

0
1 738

Шашы жайылған адамда инфекция жұқтыру қаупі жоғары екен.


ERNUR.KZ. Санитар дәрігерлер коронавирустың шаш арқылы жұғатыны туралы WhatsApp-та тарап жатқан хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.
Соңғы күндері WhatsApp пен әлеуметтік желілерде коронавирустың шаш арқылы жұғатыны туралы аудиохабарламалар тарап жатыр.
"Жұмыста жиналыс өтті. Вирус шаш арқылы тез тарайтындықтан бізге орамал тағу керегін айтты. Сосын қытайлық дәрігерлер келді. Келе салысымен бізге ескерту жасады, себебі біз орамалсыз, баскиімсіз отырдық. Қытайда тіпті шашын тақыр қылып алып тастап жатыр", - дейді белгісіз әйел аудиохабарламада.
Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев бұл мәліметті растады. Оның айтуынша, инфекция шашқа кіріп кеткен соң бірнеше сағат ішінде вирус адамға жұғады. Ол өзі ештеңе сезбеуі мүмкін.

"Қолғап, маска, көзілдірік тағып, санитайзерлерді қолданып, қолды жиі жуудан бөлек, үнемі баскиім киіп жүру қажет. Әсіресе, адам көп шоғырланған жерде. Шашы жайылған адамда инфекция жұқтыру қаупі жоғары", - дейді Қауметбаев.