Коронавирус: СҚО "жасыл" аймаққа өтті, "сары" аймақта 5 өңір қалды

0
2 456

Қазақстанның ешбір облысы "қызыл" аймақта жоқ.


Коронавирус: СҚО

Денсаулық сақтау министрлігі 21 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

21 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы "қызыл" аймақта жоқ.

"Сары" аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі - "жасыл" аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан "жасыл" аймақта тұр.