Коронавирус: Таиланд Қазақстан азаматтарын кіргізбейді

0
811

Коронавирус эпидемиясы бастағаннан бері Таиланд ауруханасына 59 науқас түсті. Олардың 34-і сауығып кетті, біреуі қайтыс болды және 24 адам емделіп жатыр.


Коронавирус: Таиланд Қазақстан азаматтарын кіргізбейді

ERNUR.KZ. Таиланд билігі коронавирустың жаппай тарауына байланысты 18 мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан азаматтарына кіруге тыйым салды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Рейтер агенттігі Таиландтың ішкі істер министрі Анупонга Паочиндуға сілтеме жасап жазады.


Бұрын Болгария, Бутан, Ресей, Қытай, Кипр, Эфиопия, Фиджи, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Мальта, Мексика, Науру, Папуа Жаңа Гвинея, Румыния, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Вануату азаматтары Таиландқа келгеннен кейін виза рәсімдей алатын.

Коронавирус эпидемиясы бастағаннан бері Таиланд ауруханасына 59 науқас түсті. Олардың 34-і сауығып кетті, біреуі қайтыс болды және 24 адам емделіп жатыр.

Бас санитар Жандарбек Бекшин Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында коронавирус келуі мүмкін деп мәлімдеген болатын.