Коронавирус жұқтырған науқастың Қаскелеңге қайдан келгені белгілі болды

0
622

​1986 жылы туған науқас 18 наурызда Бішкектен Алматы облысындағы Қаскелең қаласына автокөлікпен жолға шыққан


Коронавирус жұқтырған науқастың Қаскелеңге қайдан келгені белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Қаскелең қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ол 1986 жылы туған ер адам екені анықталды.

"Науқас 17 наурызда Ыстамбұл – Бішкек рейсімен ұшып келген. 18 наурызда Бішкектен Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласына автокөлікпен жолға шыққан. Қазір стационарлық ауруханада жатыр, жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Алматы облысында бір адам тіркелді.