Коронавирусқа шалдыққан дәрігерлер саны белгілі болды

0
481


Коронавирусқа шалдыққан дәрігерлер саны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 8 518 дәрігер коронавируске шалдыққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Елімізде коронавирус инфекциясы расталған медицина қызметкрелерінің саны 8 518 адамды құрайды. Бүгінгі күні дәрігерлердің арасында өкпе қабынуымен ауырғандар туралы мәлімет жоқ», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.


Сонымен қатар ол коронавируспен күресте өкпе қабынуына шалдыққан дәрігерлерге бірреттік әлеуметтік төлем берілуі мүмкін екендігін де айтты.


«Егер коронавирустық өкпе қабынуымен күрес барысында ауырып қалған медицина қызметкерлері төлемге өтінім беретін болса, онда біз оларға қолдау көрсетеміз. Аталған медициналық құжаттар жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі комиссияға жіберілетін болады», - деді Ажар Ғиният.