Коронавирусқа шалдыққандарды емдеудің әдісі өзгертілді

0
664

Вирусты емдеуге безгекке қарсы пайдаланылған дәрі қайта қолданылады.


Коронавирусқа шалдыққандарды емдеудің әдісі өзгертілді

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Елде коронавирусқа шалдыққандарды емдеу жолы өзгерді. Медицицналық қызмет сапасы комиссиясы бекіткен жаңа хаттамаға сәйкес, Covid-19 вирусын емдеуге енді безгекке қарсы пайдаланылған гидроксихлорохин дәрісі қайта қолданылады, деп жазады ktk.kz.

"Клиникалық хаттаманың бекітілген кезекті нұсқасына сәйкес, бұған дейін ем шараларынан алынып тасталған бірқатар дәрі-дәрмектер коронаврусты емдеуге қайта қолданылатын болды. Олардың қатарында гидроксихлорохин бар. Айта кетерлігі, әр науқтастың сол препараттармен емделуіне қатысты келісімі керек. Содан кейін ғана кез келген ем шараларын жүргізуге болады" - дейді ҚР Денсаулық сақтау министірінің міндетін уақытша атқарушы Ләззат Ақтаева.

Коронавирус инфекциясын емдеуге қатысты алғашқы хаттама ақпан айында қолданысқа енген. Бұл жолы тоғызыншы хаттама бекітіліп отыр. Онда енді науқастар жағдайы жақсарып, температурасы үш күнде тұрақталса әрі ПТР тест нәтижесі теріс көрсетсе, бұрынғыдай ауруханада апталап жатпайды. Үш-төрт күннен кейін үйіне жіберіледі де, тіркелген емханасының бақылауында болады. Сондай-ақ, covid-қа арналған арнайы код енгізілген. Соған сәйкес, егер науқаста вирус белгілері байқалып, бірақ тест теріс нәтиже көрсетсе, дәрігерлер ем-дом шарасына кірісе береді. Яғни, қауіпті індеттің ушығуын болдырмайды. Ал қайтадан қолданысқа енгізілген гидроксихлорохин препаратын қолданбас бұрын, әр науқастың келісімі ескеріліп, оны адам ағзасының қаншалықты қабылдай алатыны да қаперге алынады. Айта кету керек, гидроксихлорохин дәрісі әлем дәрігерлері арасында дау тудырған еді. Біреулер оны басқа препараттармен бірге қолдану аса қауіпті десе, ендігілері вирусқа қарсы таптырмайтын препарат деуден танбайды. Ал еліміздің сарапшылары, «ешқандай зияны жоқ» деп сендіріп отыр.

"Біздің елде гидроксихлорохинді коронавирус еміне қолданады. Бұл тәжірибе әлем елдерінде де бар. Осы дәрілік заттың уақытша қолданылмауына қатысты жалған, негізсіз ақпарат тарап еді. Бұл препарат медицина үшін жаңалық емес. Бұған дейін безгек дертіне, басқа да иммундық ауру түрліріне қарсы қолданылған" - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баға құру жөніндегі сараптамалық-талдау орталығының жетекшісі Александр Костюк.