Коронавируспен ауруханада жатқан 14 алматылықтың жағдайы өте нашар

0
862

Тағы 131 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады.


Коронавируспен ауруханада жатқан 14 алматылықтың жағдайы өте нашар

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі қалада коронавируспен ауруханада жатқан науқастардың жағдайы туралы мәлімет таратты, деп жазады zakon.kz.


Әкімдіктің хабарлауынша, Алматыда короновирус диагнозы расталған науқастарды қабылдауға 9 жұқпалы аурулар ауруханасы арналған, онда қазір 1 409 науқас емделіп жатыр.
Бүгінгі күні 14 науқастың жағдайы өте ауыр, 131 науқастың жағдайы - ауыр, ал 937 науқастікі - орташа ауыр деп бағалануда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Штаттық режимде көпсалалы ауруханалар жұмыс істеп жатыр, олар тәулік бойына науқастарды үзіліссіз қабылдайды, соның ішінде жедел жәрдем көлігімен келгендерді де.