Коронавируспен ауруханада жатқан пациенттердің телефонын неліктен алып қояды

0
657

Әлеуметтік желілерде облыстық стационарлардың бірінде науқастардан телефондардың тәркіленіп жатқаны туралы ақпарат тарады.


Коронавируспен ауруханада жатқан пациенттердің телефонын неліктен алып қояды

ERNUR.KZ. Коронавирус жұқтырған науқастардың туыстары әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханаларында жақындарының телефондары тәркіленіп жатқанын айтып, шағымдануда. БҚО денсаулық сақтау басқармасы бұған қатысты пікір білдірді, деп жазады kaz.nur.kz.

Тұрғындар осының салдарынан туысқандарының қандай күйде жатқанын біле алмауда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, телефон - инфекция жұқтырудың бір көзі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Өлім жағдайлары тіркелуде. Адамдар осы қауіпті аурудың салдарынан туыстарынан, достарынан және жақындарынан айрылып жатыр.

Ведомство әлеуметтік желілерде облыстық стационарлардың бірінде науқастардан телефондардың тәркіленіп жатқаны туралы ақпаратты көргендерін айтты. Осыған байланысты жауап берген департамент мобильді құрылғылар инфекцияның негізгі көздерінің қатарына жатпағанымен, ауруханаларда оларды қолдану салдарынан жұқтыру қаупі артып келе жатқанын айтады.

Сонымен қатар, көпшілігі оларды антисептикалық құралдармен сүртпейді. Ал Covid-19 жиі қолданылатын заттарда ұзақ сақталады. Осы орайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта аурудың таралуын тоқтатып және өлім санын азайту үшін белгіленген ережелерді сақтау өте маңызды екенін баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты.