Коронавируспен симптомсыз ауырған адамдар 14 күнде жазылады

0
600

Аурудың алғашқы белгілері бар науқастарды емдеуге басымдық беріліп жатыр.


Коронавируспен симптомсыз ауырған адамдар 14 күнде жазылады

ERNUR.KZ. Ел азаматтары жаппай ПТР-тест тапсырған жоқ. Бұлай жасау міндетті де емес. Денсаулық сақтау жүйесі халықты 100% тестен өткізуді көздемейді, деп жазады inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, дәрігерлер аурудың алғашқы белгілері бар науқастарды емдеуге басымдық беріп жатыр. Себебі оларды емдеу арқылы вирустың асқынуының алды алынады.


«Коронавирус инфекциясы симптомсыз өтіп жатқан науқастардың көпшілігі ауырмайды. Олар індетті таратуы мүмкін, бірақ 14 күннен кейін сауығып кетеді. Ештеңе мазаламайтын адамдардан тест алудың қандай мәні бар? Біз негізгі басымдық пен қаржыландыруды ең бірінші кезекте, көмекке мұқтаж болып отырған науқастарға жұмсаған дұрыс деп санаймыз», – деді Алексей Цой.