Коронавирустан айыққан адамдар оны қайта жұқтыруы мүмкін бе - министр жауабы

0
899

Ғылыми басылымдардағы деректерге сүйенсек, вирустан айыққан адамның организмі белгілі бір иммундық жауап қайтарады


Коронавирустан айыққан адамдар оны қайта жұқтыруы мүмкін бе - министр жауабы

ERNUR.KZ. Коронавирустан сауыққан адамдарда оған қарсы иммунитет қалыптасады. Бірақ бұл иммунитеттің қанша уақыт сақталатыны белгісіз. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Бұл жерде өте маңызды ақпаратты айтқым келеді. Коронавирустан айыққан адамдарда иммунитет қалыптасады. Әзірге бұл иммунитеттің қанща уақыт сақталатынын ешкім айта алмайды. Өйткені, сіздер білесіздер, бұл инфекция жаңа, иммунитет те жаңа", - деді Біртанов онлайн-брифингте.
Қазіргі ғылыми басылымдардағы деректерге сүйенсек, вирустан айыққан адамның организмі белгілі бір иммундық жауап қайтарады.
"Бекітілген хаттамаға сәйкес, пациент емделіп шыққаннан кейін, егер одан ауру белгілері байқалмаса, екі рет коронавирусқа тест тапсырады. Осыдан кейін он төрт күн бойы үй карантинінде болады", - деді министр.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 453 адамға жетті. 29 науқас сауығып шықты. Үш адам қайтыс болды.