Коронавирустан емделуге қойдың майы көмектесе ме? Дәрігер жауабы

0
1 436

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 41 065-ке жетті.


Коронавирустан емделуге қойдың майы көмектесе ме? Дәрігер жауабы

ERNUR.KZ. Алматы қалалық №9 емхананың меңгерушісі Мадина Омарова қойдың майы коронавирусқа қалай әсер ететіні туралы айтып берді, - деп жазады тengrinews.kz.

Дәрігер Омарованың айутынша, хаттама бойынша, медициналық қызметкерлердің қабынуға қарсы май қолдануға құқығы жоқ. Сондай-ақ, маман кезінде қойдың майы барлығына ем болғанын, бірақ қазір оның орнына басқа майлардың қолданылып жатқанын айтып өтті.

"Қойдың майы - бұл халық емі, біздің ата-бабаларымыз қолданған, ал қазір мұндай дамыған заманда қабынуға қарсы түрлі кремдер мен майлар бар. Хаттама бойынша бізде майларды қолдануға кеңес берілмейді", - деді ол.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 41 065-ке жетті. 188 адам қайтыс болып, 13 614 адам айықты.