Коронавирустан кейін елді туберкулез жайлап кетуі мүмкін

0
770

Туберкулездің көбеюіне адамдардың әлсіз иммунитеті себеп болуы мүмкін.


Коронавирустан кейін елді туберкулез жайлап кетуі мүмкін

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Көкшетауда облыстық туберкулезге қарсы диспансерде өткен жиынға қатысушылар коронавирус індетінен кейін елде туберкулез жайлап кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады 24 хабар.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде өткен жиынға аймақ дәрігерлерімен қатар, осы саланың республикаға белгілі мамандары онлайн режимде қатысты.

Ал конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, туберкулездің көбеюіне адамдардың әлсіз иммунитеті себеп болуы мүмкін. Өйткені, қазір көп адам жұмыссыз болғандықтан, тиісті тамақ пен қажетті витаминдерді уақытында тұтына алмайды.

Әсіресе, тұрақты мекен-жайы жоқ, далада түнеп жүрген үйсіз-күйсіз жандардың жағдайы өте қиын. Сондықтан да оларды қазірден бастап қамқорлыққа алу қажет.

"Мүмкін қолданыстағы заңнаманы өзгерту керек шығар. Әлде, үй-күйі жоқ жандарды қамқорлыққа алу үшін бөлек заң шығару қажет болар. Не де болса осы салаға жіті көңіл бөлуіміз керек. Себебі, ауруға алдымен солар шалдығуы мүмкін", – дейді ҚКХП Ақмола облыстық филиалының бірінші хатшысы Олжас Сыздықов.

Аталған аурудың алдын алуды көздеген "Игілік" қоғамдық қоры мен Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері жиында айтылған мәселелер үкіметтік деңгейде көтеріледі деп сенім артады.