Коронавирустан көз жұмған қазақстандықтардың несиесін кім төлейді

0
634

1 маусымдағы жағдай бойынша 5 миллионнан астам қазақстандықтың кепілсіз несиесі, сондай-ақ 270 мыңға жуық адамның ипотекалық берешегі бар.


Коронавирустан көз жұмған қазақстандықтардың несиесін кім төлейді

ERNUR.KZ. Коронавирустан көз жұмған науқастарың несиесін туысқандары төлеуі мүмкін, деп жазады Stan.kz.

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 миллионнан астам қазақстандықтың кепілсіз несиесі, сондай-ақ 270 мыңға жуық адамның ипотекалық берешегі бар.

Қазіргі қалыптасқан пандемияға байланысты елде коронавирустан көз жұмған науқастардың қарызы қалып қойған.

Адвокад Серік Айтбаевтің айтуынша, егер марқұмның туыстары оның дүние-мүлкін өздеріне алатын болса, онда берешектің қалған сомасын төлеуге міндеттеледі.

"Егер олар мұраны қабылдаса, сол мұраның құны шамасында төлеуге тиіс. Яғни, мұра 1 млн теңге болса, несие 5 млн теңге болса, олар 1 млн теңге көлемінде ғана төлей алады", - деді Серік Айтбаев.

Мұрадан бас тартқан жағдайда, марқұмның туыстары кредитті төлеуге міндетті емес. Мысалы, мұра несие сомасынан аз болған кезде, мұндай жағдайда мұра автоматты түрде берешекті өтеу үшін банкке өтеді, сонымен қатар зейнетақы жинағы да қарызды өтеуге қолданылады.

"Егер мұрагерлер осы зейнетақы жинағын алуды қаласа, онда екі тарап өзара шарттарды келіседі немесе сот қарауы арқылы шешіледі", - деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы тұтынушылардың құқығын қорғау боқлімі директоры Ләззат Үсенбекова.

Дегенмен, әрбір қарыз алушының жағдайы жеке қаралады. Мәселен, марқұмның туыстарының қарызды төлеуге қаржылай немесе әлеуметтік шамасы келмесе, банк несиені кешіруі мүмкін. Осындай жағдайларда банкке бар, бәрін бірге шешкен жөн.