Коронавирусты жеңді: 100 жастағы әжеймен қоштасқан дәрігерлердің жан тебірентерлік видеосы жарияланды

0
715

Ғасыр жасаған қарт әжей дәрігерлерге алғысын айтты.


Коронавирусты жеңді: 100 жастағы әжеймен қоштасқан дәрігерлердің жан тебірентерлік видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының тұрғыны Полина Силина коронавирусты жеңіп, ауруханадан шықты, деп жазады Stan.kz.

Аршалы аудандық ауруханасының дәрігерлері "Шапағат" арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (қарттар үйі) қамқорлығындағы қарттармен, оның ішінде мамыр айының басында 100 жасқа толатын Силина Полина Алексеевнамен қоштасты. Ол COVID-19 коронавирусынан толықтай айықты", - деді денсаулық сақтау министрлігі.

Өз кезегінде, бір ғасыр жасаған қарт әжей дәрігерлерге алғысын айтты.

"Рақмет, қымбаттыларым! Бәріне рақмет! Мен сендерді әрдайым есімде сақтаймын, сендер үшін әрдайым дұға етемін!" - деді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай басқа сырқаттарды емдеу үшін үлгі болып қана қоймай, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қарт және жағдайвы ауыр пациенттерді емдеуге болады деген сенімін нығайтады.