Коронавирустың 5G сигналы арқылы таралатыны туралы видео – фейк

0
502

Видеода арнайы жұмыс киімін киген ер адам 5G сигналын тарататын бағанаға арналған монтаждау тақтасын көрсетеді. Құрылғыда COV-19 жазуы көрінеді.


Коронавирустың 5G сигналы арқылы таралатыны туралы видео – фейк

Әлеуметтік желілерде коронавирус инфекциясының 5G сигналы арқылы таралатынына қатысты видео пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода арнайы жұмыс киімін киген ер адам 5G сигналын тарататын бағанаға арналған монтаждау тақтасын көрсетеді. Құрылғыда COV-19 жазуы көрінеді. Ролик авторының пікірінше, бұл коронавирус инфекциясының 5G сигналдары арқылы таралатындығы туралы теорияны дәлелдейді-мыс.

stopfake.kz сайтының жазуынша, тақтадан өндірушінің деректері сияқты басқа да жазуларды көруге болады. Оларға сәйкес, құрылғы Тайваньның Hannstar фабрикасында жасалған. Компания теледидар жабдықтары мен дисплейлерді шығарумен айналысады. Ол телефониямен немесе интернет-жабдықпен байланысты ештеңе шығармайды.
Сондай-ақ, видеода автор көрсеткен бөлшектің SCART коннекторы бар екенін байқаймыз. Ол теледидар мен басқа видео құрылғыға, мысалы, бейнемагнитофонға немесе DVD ойнатқышқа қосылу үшін пайдаланылады. Қазір коннекторлардың бұл түрлері ескі болып саналады. Олардың орнына HDMI порттары кеңінен қолданылады.
Бұл COV-19 таңбалары жазылған ешқандай компоненттері бомлаған өте ескі теледидардың тіркемесінен алынған. Оның мобильді интернет-желілерге, сондай-ақ 5G қолдануға еш қатысы жоқ,
– деп хабарлады Virgin Media компаниясының өкілі Саймон Дорнан өзінің Associated Press-ке жазған хатында.

Ролик авторының 5G желілерінің қауіптілігі туралы басқа мәлімдемелеріне де еш негіз жоқ. Жалпы, инновациялық әдістің жұмыс істеу принципі 3G және 4G желілерінің қазіргі жұмысынан ерекшеленбейді. Бір ғана айырмашылығы – жаңа формат жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бірінші Pre-5G базалық станциясы 2015 жылы Барселонада іске қосылды. 2016 жылы бұл технология Ресейде алғаш рет сыналды. Ол кезде мәліметтерді тарату жылдамдығы 4,5 Гбит/сек болған. Айта кетейік, сигналдың әрекет ету радиусында құстардың, жануарлардың немесе жәндіктердің жаппай қырылу фактілері тіркелген жоқ. Сондай-ақ, адамдардан тыныс алу, бас ауруы және басқа да аурулар туралы шағымдар болмаған жоқ.

5G желілері мен COVID-19 байланысы ДДСҰ сайтында жоққа шығарылған болатын.
– Вирустар радиосигналдармен немесе ұялы байланыс толқындарымен таралмайды. COVID-19 індеті 5G желілері тартылмаған көптеген елдерде таралуда, делінген ұйымның ресми интернет-порталында.

Бұл пандемия мен 5G сигналдарының байланысын «әшкерелейтін» мифтердің бірі ғана. Бұған дейін StopFake.kz осы технологияның көмегімен «Ақыл-ойды бақылау» туралы хабарламамен фейк таратылым туралы жазған болатын.