Коронавирустың қауіпі сейілген жоқ - Қасым-Жомарт Тоқаев

0
756

Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растаған.


Коронавирустың қауіпі сейілген жоқ - Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Президенті өзінің Twitter-інде Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отырғанын, коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растағанын жазды.

"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - деді ол.