Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа тағы екі облыс кірді

0
516

Қазіргі кезде "қызыл" аймақта сегіз өңір тұр.


Коронавирустың таралуы бойынша

2021 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, сегіз облыс коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймақта, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе және Алматы облыстары "қызыл" аймаққа кірді.
Осылайша, "қызыл" аймақтағы өңірлер: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстары.