Көршісінің 3 жасар қызын 15 рет пышақтаған әйелге қатысты сот басталды (видео)

0
781

35 жастағы әйел бүлдіршінді DVD-плеерді құлатып алғаны үшін жазалағанын мойындаған.


Көршісінің 3 жасар қызын 15 рет пышақтаған әйелге қатысты сот басталды (видео)

ERNUR.KZ. Қарағандыда көршісінің 3 жасар қызын 15 рет пышақтап өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты сот басталды. Істі қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сот қарап жатыр, деп хабарлайды Астана арнасы.

35 жастағы әйел бүлдіршінді DVD-плеерді құлатып алғаны үшін жазалағанын мойындаған. Жан түршігерлік оқиға қараша айында Сәтпаев қаласында болған еді. Шешесі қызды қарауға қалдырып кеткенде көршісі аямай азаптаған көрінеді. Тіпті өтпейтін пышақты өткіріне ауыстырып пышақтауын жалғастырған. Күдікті ол кезде мас болыпты. Енді 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін процеске баланың анасы келмеді. Куәгерлер Сәтпаев қаласында болғандықтан келесі отырыстар сол қалада өтетін болды.

Күдікті сот аяқталғанша абақтыда отырады. Келесі отырыстар Сәтпаев қаласында өтеді. Күдікті алқа билер сотын емес кәдімгі сот форматын таңдады, - дейді қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев.