Қорықшыны өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

0
1 111

Ерлан Нұрғалиевті өлтіру әрекетіне қатысты сот тыңдауы Қарағандыда 2019 жылдың тамыз айында басталған еді.


Қорықшыны өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қорықшы Ерлан Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Ерлан Нұрғалиевті өлтіру әрекетіне қатысты сот тыңдауы Қарағандыда 2019 жылдың тамыз айында басталды. Қылмыстық іс 40 томнан тұрады, тыңдауға 80-нен астам куәгер қатысты. Сотталушылар орындығында Берік Ахметов, Нұрлан Шүкілдіков және Қайрат Ақшанов отырды.

Осыған дейінгі сот тыңдауында прокурор барлық үш айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын беріп, оны айыпкерлер қауіпсіздігі ерекше колонияда өтесін деп сұраған болатын.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Қасымов сот үкімімен Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдікұлының өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілгендігін айтты.