Қорымдағы қарбалас: Жерлеу үш есеге артқан

0
914

Жерлейтін орын қалмай барады.


Қорымдағы қарбалас: Жерлеу үш есеге артқан

фото: stan.kz.

ERNUR.KZ. Жерлейтін орын қалмай барады! Әлеуметтік желіде бірнеше аптада кенет лық толған қорымдардың видеосы қызу талқыға түсті. Көңіл жабырқатар көріністі көпшілік коронавируспен байланыстырады. Жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар да тапсырыстың бірден үш есеге артқанын айтып отыр, деп жазады ktk.kz.

Алматыдағы жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтың бірі қазір күніне орташа 80 адамды соңғы сапарға аттандырамыз деп отыр. Бұрын бұл көрсеткіш екі жарым есе аз болған екен.

«Бұрын күніне 27 -28 адам, 25 адам қайтыс болса, қазір күніге, бүгін, мысалы, 80 адам. Бұрын арнайы қорым, бөлек зират болған. Қазір кез келген зиратқа қойып жатырмыз. Ахуал ауыр», - деді Жерлеу рәсімі орталығының өкілі Марат Исмаилов.